Текст
30.01.2026
2026 жылғы 30 қаңтарда Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде барлық курс студенттері үшін тақырыптық кураторлық сағаттар өткізілді .
Студенттерге әлеуметтік желілер мен анонимді чаттарға қатысудың қауіптері түсіндіріліп, буллингтің түрлері (вербалды, психологиялық, әлеуметтік және кибербуллинг) қарастырылды .
Балағат сөздер қолдануға, қорлау мен тұлғаның ар-намысын төмендетуге жол берілмейтіні, сондай-ақ буллинг үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жауапкершілік түсіндірілді .
Іс-шара құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.