Текст
05.02.2026
5 ақпанда Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледждің акт залында студенттермен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті
Іс-шара барысында студенттерге конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді: адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, әділдік, заңдылық және тәртіп қағидаттарын нығайту, білім беру, ғылым және инновацияларды дамыту, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейту
Арнайы назар қоғамдық келісім, халық бірлігі және азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселелеріне аударылды
Студенттер белсенділік танытып, талқылауға қатысып, елдің болашағына бағытталған маңызды өзгерістердің мәнін терең түсінді