Текст
09.02.2026
Кураторлық сағат: «Жақсы мінез – сарқылмас байлық»
Жоғары техникалық колледжде студенттерге арналған тәрбиелік мәні зор кураторлық сағат өтті
Іс-шара барысында адам бойындағы жақсы қасиеттер, сыйластық, әдептілік, жауапкершілік және бір-біріне құрметпен қарау тақырыптары талқыланды
Студенттер өз ойларымен бөлісіп, өмірлік мысалдар келтіріп, жақсы мінездің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасты.
Кездесу жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, жағымды мінез-құлық қалыптастыруға және өзара түсіністікті арттыруға бағытталды.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар саналы, мәдениетті әрі жауапты тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.