17.03.2026
Облыстық дебат турниріндегі лайықты нәтиже!
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледж студенттері Ақмола облысы жастары арасында өткен облыстық дебат турниріне қатысты. Колледж намысын тарих пәнінің оқытушысы Исабекова Меруерттің жетекшілігімен Шыныбек Венера мен Рашит Айерке құрамындағы «Тұмар» командасы қорғады.
Турнир нағыз интеллектуалдық марафон болды — тартысты бәсеке шамамен 10 сағатқа созылды . Осы уақыт ішінде қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, терең білім , логикалық ойлау , дәлел келтіру және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті .
Нәтижесінде облыстың 20 мықты командасы арасында біздің студенттер құрметті 4-орынды иеленді . Бұл — өте жақсы нәтиже!
Венера мен Айерканы тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта жаңа жеңістер , жарқын пікірсайыстар және үлкен табыстар тілейміз!