Текст
25.04.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ✨🌿
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледждің У-22 тобының студенттері «Taza Kazakhstan» экологиялық акциясына белсене қатысты 🌍💚.
Нұрмағанбетов С.С. жетекшілігімен студенттер Үлкен Шабақты көлі маңындағы курорттық аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның тазалығы мен әсемдігін сақтауға өз үлестерін қосты 🧹🌲. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, студенттер табиғатқа деген жауапкершілігін және туған жерді көркейтуге деген ұмтылысын көрсетті 🤝♻️.
Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын дәлелдейді 🌱✨ Жарайсыңдар, жастар!