Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

2026 жылғы 28 сәуірде Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде бітіруші топ студенттеріне арналған «Уақытқа хатталған армандар мен тілектер» акциясы өтті

29.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде бітіруші топ студенттеріне арналған «Уақытқа хатталған армандар мен тілектер» акциясы өтті 📜✨
2026 жылғы түлектер ерекше әрі әсерлі іс-шараға қатысып, өздеріне болашаққа арналған хаттар қалдырды 💭💌. Әрбір қатысушы уақыт капсуласына өз армандары мен мақсаттарын, үміт пен сенімге толы шынайы тілектерін салды 🌟.
Бұл акция ересек өмірге қадам басудың символына айналып, жарқын сәттер мен жетістіктерге толы студенттік жылдарды еске түсірді 🎓📚.
Уақыт капсуласы 10 жылдан кейін — 2036 жылғы 30 сәуірде салтанатты түрде ашылады ⏳🔓. Біз 2026 жылғы барлық түлектер қайта бас қосып, жастық шақтағы армандарын еске алады деп шын жүректен үміттенеміз 🤝✨.
Түлектерімізге барлық жоспарларының жүзеге асуын және алға нық қадам басуын тілейміз! 
Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст