Текст
30.04.2026
Бүгін колледж базасында ПО-13, ПО-3б және ЭМ-41 топтарының студенттерінің өндірістік практика қорытындысы бойынша қорытынды конференция өтті.
Конференция барысында студенттердің өндірістік практикадан өту қорытындылары шығарылып, олар өз есептерін сәтті қорғап, практика барысында қол жеткізген нәтижелері бойынша презентациялар ұсынды.
Қатысушылар нақты өндірістік жағдайда алған тәжірибелерімен, кәсіби жетістіктерімен және практикалық дағдыларымен бөлісті.
Осындай кездесулер студенттердің дайындық деңгейін бағалауға ғана емес, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Студенттерді өндірістік практиканы сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және болашақта кәсіби жетістіктер тілейміз!