Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Тең мүмкіндіктер жолы

15.09.2021

2021 жылдың 07 қыркүйегінде Щучинск қ., Жоғары техникалық колледжінде, 1 курс студенттерінің  полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті. Тәртіп сақшылары "Жол ережелері және Жолдағы қауіпсіздік" тақырыбында дәріс өткізді.

Студенттерге жолда өту кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері, тек осы үшін арналған орындар (жаяу жүргінші өткелдері) арқылы өту қажеттілігі туралы түсіндірілді. Сабақтар арасындағы үзілістер кезінде жаяу жүргіншілердің қозғалысына ерекше назар аударылды.

Қызметкерлер қырағылық, өз қауіпсіздігіне мұқият қарау, жолдарда жүру кезінде қарапайым жол ережелерін сақтау - бұл барлық жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өмірін сақтауда шешуші фактор екенін түсіндірді!

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст