Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Бурабай ауданының теологымен кездесу

15.09.2021

08 қыркүйек күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде, ОП-11 тобының студенттері Бурабай ауданының теологымен кездесті. Кездесу барысында ішкі тұрақтылықты және қоғамның дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайту, экстремизмнің алдын алу мәселелері қаралды. Теолог студенттерге қоғамдағы дәстүрлі исламның барлық өлшемдерін нақты көрсете отырып, Қазақстандағы ислам дәстүрлерінің тарихы туралы айтып берді.

Бірінші курс студенттері қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты және дәлелді жауаптар алды. Өз кезегінде Токсанбай Қайыркенович студенттердің еліміздегі тыйым салынған экстремистік ұйымдарға кіруіне жол бермеу мәселесіне назар аударып, экстремизм мен терроризмнің мәнін түсіндіріп, жастардың терроризм мен экстремизм туралы түсінігін жаһандық проблема ретінде кеңейтуге тырысты.

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст