Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде ЭМ-11 тобының студенттерінің қатысуымен «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы» тақырыбы бойынша ақпараттық сағат өткізілді. Аталған іс-шараны қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары Хасенова А.Т., Букаева Б.Х. ұйымдастырды.
Студенттерге Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық еңбегі туралы мәлімет берілді, тақырыптық презентация қолданылды.
Студенттер Ы. Алтынсариннің шығармаларынан үзінділерін жатқа оқып, талдау жасады. Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» әңгімелерінің қысқаша мазмұнын баяндап, шығармада айтылған ойға, оның тәрбиелік мәніне қатысты ойларымен бөлісті. Ыбырай шығармаларындағы еңбек пен адамгершілік мәселесі туралы ой қозғады.