Текст
2021 жылдың 05 Қарашасында Жоғары техникалық колледжде Авиценна-Бурабай дәрігерлері мен студенттердің қатысуымен "Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе мәселелері бойынша Ашық есік күні" іс-шарасы өтті. Кездесуге колледждің 150-ге жуық студенті қатысты. Студенттер коронавирустық инфекция мен екпеге қатысты белсенді сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Сондай-ақ, колледж базасында екпе пункті ашылды. Екпе салғызғысы келетін алғашқы адамдар сыйлық сертификаттарын алды.
Бүгінгі таңда екпе-коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатудың және қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы.