Текст
2021 жылғы 17 қарашада Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай ауданының теологы Т.К. Шарипов 1 курс У-11 тобының студенттерімен кездесті. Кездесу "экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі"тақырыбына арналды. Әңгіме барысында теолог білім алушыларға қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағымдар өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қалай тартылатыны туралы айтып берді. Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар, дәстүрлер , үлкендерді құрметтеу мәселелері қозғалды. Студенттер пікір алмасуға белсене қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында ақпараттық парақшалар таратылды.