Текст
25 қараша Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай ауданының бас санитарлық дәрігері С.Жолдаспаев кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарымен "12-18 жастағы жасөспірімдерді Коронавирустық инфекцияға қарсы Phizer екпесімен вакцинациялау"тақырыбында кездесу өткізді.
Оқушылардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндірме әңгіме жүргізілді, екпеге қарсы көрсеткіштері мен көрсетілімдер түсіндірілді. Оқушылардың ата-аналары вакцинацияға қатысты белсенді сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.