Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Игі істер автобусы

10.12.2021

"Игі істер автобусы" Ақмола облысында тұрақты керемет акцияға айналды! Колледж студенттері ауыл тұрғындарына өздері оқып жатқан мамандық аясында тұрмыстық істер мен мәселелерді шешуге  көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуіне орай,жұмыс жоспарына сәйкес Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері 9 желтоқсан күні Баянбай ауылына барды. Сапардың мақсаты-ауыл тұрғындарын қолдау, әлеуметтік жобаларды насихаттау, адамгершілік және рухани құндылықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ еріктілік тәжірибесін дамыту.

Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім алып жатқан 4 курс студенттері Утков Николай пен Сурин Роман, сонымен қатар Сервис бөлімінің студенттері Шаталова Екатерина, Архипова Елизавета, Глотова Алена-болашақ шаштараз шеберлерін ерекше атап өткім келеді.

Бұл мұқтаж адамдарға әлеуметтік мәселелерді шешуге нақты іс-әрекеттерімен көмектесуге, өтеусіз негізде көмек көрсетуге дайын студенттер! Белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымы бар осындай балалардың иығында бүгіні сақталып, еліміздің болашағы құрылады!

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст