Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы аясында профилактикалық әңгіме

22.12.2021

2021 жылғы 22 желтоқсанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде Бурабай АПБ Ювеналды полиция инспекторы капитан Ергалиев Серик Каддаровичпен кездесу өтті.

 «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 1-2 курс студенттерімен профилактикалық әңгіме өткізілді. Студенттерге петардалар мен өзге де пиротехниканың қауіптілігі туралы, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау, жасанды заттарды пайдаланбау, тек сертификатталған петардаларды пайдалану және ересектердің (ата-аналардың) қатысуымен іске қосу қажеттігі туралы айтылды. Қызметкерлер оның адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін түсіндірді. Жыл сайын әлемде сертификатталмаған өнімдерді пайдалану кезінде көптеген жарақат жағдайлары орын алады.

Келесі мәселе бойынша ҚР ӘҚБтК-нің негізгі жиі бұзылатын баптары қаралды:

Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу.

Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі-ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу

бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (сағат 22-ден таңғы 6 - ға дейін) -

заңды өкілдерге ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңды өкілдерге бес АЕК-тен он АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы -

заңды өкілдерге ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы бір жыл ішінде қайталанып жасалған

заңды өкілдерге бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст