Елімізде болып жатқан оқиға бәрімізге ауыр тиіп жатқаны белгілі. Бұл жағдай да оң шешімін табатынына кәміл сенеміз. Біз «қазақ» деген бірлігі жарасқан елміз. Осы атымызға сай болуымыз қажет. Кешегі ата-бабаларымыз бірлігіміз, ынтымақтастығымыз жарасқан ел болсын деп сенім артқан ұрпақпыз. Сол елімізді бірлікте сақтау бәріміздің қолымызда! Ел болып, халық болып, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдаймыз. Елдің тізгіні Президенттің қолында. Елімізде тәртіп болуы қажет. Тәртіп-жеңістің алғашқы нышаны-дегендей, кешегі төнген қауіпте еліміздің тәртібі, тыныштығы үшін күресіп, қаза тапқан әскери азаматтардың отбасына көңіл айтамыз. «Береке бастауы-бірлік, ел іші тату-тірлік» болатынына сеніміміз мол.
#күшімізбірлікте #бізбіргеміз #тәуелсіздікке30жыл