Текст
2022 жылғы 9 ақпанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде СВ-11 тобы студенттерінің Ақмола облысы Дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мамандарымен кездесуі өтті.
Өскелең ұрпақтың дүниетанымын, өз болашағына және өз елінің болашағына саналы көзқарасын қалыптастыру, ұлттық қауіпсіздік, осының барлығы мамандар жүргізетін ағарту жұмысының негізгі міндеті.
Студенттер жанды және мазмұнды сұхбатқа қатысып, белсенді сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.
Кездесуге қатысушыларға облыс орталығының 8(7162) 72-25-96 телефоны және республикалық жедел желі -114 телефоны көрсетілген жадынамалар таратылды.