1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Жоғары техникалық колледжде 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2021 жылы 1013 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 53;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 881;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 79.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Колледждегі сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»;
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»;
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Колледжде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушылардың телефондары көрсетілген http://vtk.edu.kz/content/gosuslugi-otvetstvennye-lica ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Колледждің оқу корпустарында және №1 жатақханада МҚ стандарты бойынша ақпараттық стендтер орнатылған. Кәсіптік бағдар беру және мансап кабинетінде бас ғимаратта қажетті кеңсе жабдықтарымен (веб-камера, принтер, сканер, карта оқу құралы) жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Колледжеде НҚА әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау, студенттерді және олардың ата-аналарын мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында мамыр айында Бурабай аудандық «Луч» саяси газетінде «Электрондық мемлекеттік қызметтер – қолжетімділік, өмір сапасы» тақырыбында мақала жарияланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Колледжде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.
Сондай-ақ колледжде "College Smart Nation" ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Колледжде МҚ көрсететін жауапты тұлғалардың барлығы қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Олардың біліктілігін арттыру сертификаттары бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. -
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Колледж тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жұмыстары жалғасуда.