2019 жылдың 13 ақпан күні «Щучинск қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК ұйымдастырған №7 лицей базасында «Біз- Қазақстан жастарымыз! Болашақ кәсіпқойларда!» атты ұранымен мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер арасында кәсіби бағдар жұмысына арналған байқау өтті. «Алтын қасық – 2019» атты жас кулинарлар чемпионаты «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығына бағытталған.
Колледж директоры Ш.Ж.Оразалин кәсіби бағдар жұмысына көп назар аударады.
Байқауды «Щучинск қаласы, жоғары техникалық колледжі» МКҚК қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ж.Н.Жунусова алғы сөзімен ашты.
Жас кулинарлар чемпионатына № 7 және № 9 мектептерінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Байқау 3 кезеңнен өтті:
Байқау қорытындысы бойынша оқушыларға колледждің дизайнері Ж.Баймұқан әзірлеген дипломдары, естелік сыйлықтары, алғыс хаттары және қатысушы сертификаттары берілді.
Бірінші дәрежелі дипломды және алтын медалді №7 мектептің «Қазақтың қыздары» командасы иеленді. Екінші дәрежелі дипломды және күміс медалді №9 мектептің «Балмуздақ» командасы иеленді. Үшінші дәрежелі дипломды және қола медалді №7 мектептің «Болашақ» командасы иеленді. Номинация бойынша «Бірлік» және «Шабыт» командалары марапатталды.
Бауқауды ұйымдастыру үшін колледждің оқытушылары К.С.Жансеитова, Т.Б. Исаханова , С.С.Каримова жауапты болды.