«Патриотизм өз жеріне, өз ауылына, қаласына, аймағына, кіші отанға деген махаббаттан басталады...».
Н.Назарбаев
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледждің акт залында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Өлкетану" пәні бойынша оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті, оның авторы әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы, педагогика және құқық магистрі Қасенов Бахтияр Айтбайұлы.
Тұсаукесерге құрметті қонақтар қатысты: Өнертанушы, суретші Ю. Ж. Крыкбесов, генетик, зерттеуші, сценарист және өлкетанушы П. В. Косович, Щучинск қаласының аудандық кітапханасының директоры А. К. Тыштыкова, мамандар: К. К. Аубакирова, А. К. Абдыгужина, Щучинск қаласының өлкетану мұражайының жетекшісі - Г. О. Шамиганова, экскурсоводтар: Ф. С. Телегина, А. Ю. Назарьева, сонымен қатар мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылар мен студенттері.
Колледж студенттерінің орындауында туған өлкесі туралы белгілі шығармалардың үзінділері көрсетіліп, бейнематериалдар көрсетілді.
Бахтияр Айтбайұлы қатысушылар алдында сөз сөйлеп, өз сөзінде оқу құралының ерекшелігі-көптеген пәндермен интеграцияланған сипатты атап өтті.
Қонақтар теория мен практиканы шебер байланыстырған автордың атына жылы, мейірімді сөздерге бөленді. Өз баяндамаларында олар студенттердің ата-бабаларының тарихына қатыстылығын қалыптастырудың маңыздылығын, туған өлкенің салт-дәстүрлерін іздеу, зерттеу арқылы өткенді және қазіргі заманды ойлаудың қажеттілігін, өз тамырларын тануды, отаншылдық, рухани, ұлттық сана-сезім құндылықтарын,біздің қоғамымыз үшін қажетті ұлттық сана-сезімді білу қажеттігін атап өтті.
Залда жылулық, жан сезгіштік атмосферасы орнап, іс-шара бір деммен, үлкен ықыласпен өтті.
Злочевская С.В.
әдіскер