Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Экономика негіздері бойынша мектеп және колледж түлектері арасындағы олимпиада

28.02.2019

2019 жылдың 21 ақпанында У-31Д тобының студенттері Василевич Олеся, Вихнер Инга, Гарбуз Диана, Гегомян Елена, Григорьева Маргарита, Капурина Алина, Кунникова Анастасия және Рябых Эмилия экономика негіздері бойынша мектеп және колледж түлектері арасындағы Көкшетау қаласындағы қалалық олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы Абай Мырзахметов атындағы университеттің «Қаржы» кафедрасы болды.

Олимпиаданың мақсаты жалпы білім беру мекемелері мен колледждерінің студенттерінің шығармашылық қабілеттері және ғылыми-экономикалық қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды жастарды қолдау, ғылыми білімді насихаттау, халықтың білім деңгейін арттыру болып табылады.

Олимпиаданың міндеттері:

1. Экономикалық ойлау, экономикалық білімді алу және экономикалық пәндерді зерделеуге қызығушылығы, жеке өзін-өзі анықтау және өзін-өзі таныту қабілетін дамыту;

2. Дарынды студенттерді анықтау, олардың әрі қарай интеллектуалды дамуы және кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдайлар жасау;

3. Студенттер мен оқытушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші сырттай кезеңінде біздің қыздарымыз «Менің мамандығым - бухгалтер» атты эссе жазды. Екінші кезеңінде қатысушылар орта мектепте және колледжде экономиканы зерделеу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған тест тапсырмаларын орындады. Тест тапсырмаларын орындағаннан кейін олимпиада ұйымдастырушылары университет бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.

Сайысқа Көкшетау, Степногорск, Щучинск және басқа да елді мекендердегі мектептер мен колледждерден 27 адам қатысты. 

Барлық студенттеріміз «Экономика негіздері» пәні бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. Байқаудың соңында Гарбуз Диана 2-ші дәрежелі дипломмен, Вихнер Инга 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, барлық қалған қатысушылар сертификаттар алды. 

Студенттерді олимпиадаға дайындаумен Жунусова А.Б., Жунусова Ж.Н., Зубов А.Ю. және Шудабаева Р.Ж. оқытушылары айналысты. Әрбір оқытушы алғыс хатпен марапатталды. 

 

Арнайы экономикалық пәндер оқытушысы Зубов А.Ю.

Просмотров: 867


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст