Текст
15 наурызда Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды: колледждің материалдық - техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде демеушілік қаражатты тарту арқылы көмек көрсету
WSK қатысушыларын дайындауда көмек көрсету (Аймақтық және Ұлттық кезеңдер)
Жатақханада тұратын студенттер мен жетім студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын бақылау.
Қамқоршылық кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес отырыстың барлық маңызды сәттері сәтті талқыланды, қамқоршылық кеңестің мүшелеріне осы мәселелер бойынша бейне және фотосурет материалдары ұсынылды.