Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Көкшетау қаласы А. Мырзахметов атындағы университеті «Туризм» мамандығы бойынша облыстық өлкетану пәнінің олимпиадасы өтті.

18.03.2019

Олимпиадаға Ақмола обылысының және Көкшетау қаласының 12 командысы - мектеп оқушылары, колледж және университеттің студенттері қатысты.

Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды:

  1. «Үй жұмысы» - команданың портфолиосын жасау, таныстыру
  2. «Тестлеу»
  3. «Қалалық бағдарлау».

         Жоғарғы техникалық колледжден келесі студенттер қатысты:

  1. МТ-21 тобынан – Фёдорова Юлия
  2. ПО-21 тобынан – Жакупбекова Аида
  3. ПО-11 тобынан – Константинов Роман

Команда жетекшісі: педагогика магистрі Касенов Б.А.

І және ІІ тур универститеттің қабырғасында өтті. ІІІ тур кезеңінде оқушылар, студенттер «Қалалық бағдарлау» жұмысын бағыт парағы арқылы бастады, яғни Көкшетау қаласының ескерткіштерін іздеп, оларды суреттке, видеобейнеуге түсіріп, барлық ақпарат жинады.

Одан кейін олар жинаған ақпараттың қортындысын шығарып, аудиторияда қорғады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Щучинск қаласының Жоғарғы техникалық колледжі

І орынға ие болды  және Константинов Роман «Тестлеу бойынша Ең үздік нәтиже» көрсеткен номинациясы бойынша грамотасымен марапатталды.

Команда жетекшісі Касенов Б.А. студенттерді олимпиадаға дайындаған және олардың жоғарғы көрсеткіштері үшін Алғыс хат пен марапатталды.

«Өлкетану» пәніне арналған олимпиада өте жоғарғы деңгейде өтті. Барлық  олимпиада қатысушылары  жоғарғы деңгейде дайындалып, өздерінің өнерлерін, дағдылары мен іскерліктерін паш етті.

Касенов Б.А.

Просмотров: 654


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст