Жаңа форматты педагогы - рухани дамыған, әлеуметтік жетілген, шығармашылық тұлға,
жоғары білімді студенттің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға жауапты маман.
Осы себепті ТжКББ мұғалімі үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге, педагогикалық құралдардың үлкен
арсеналын меңгеруге, оқу үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды еңгізуге ұмтылуы
тиіс.
Осындай танымал болып келе жатқан технологиялардың бірі – ол «Clil» технологиясы (пәндік- тілдік интеграцияланған оқыту технологиясы).
«Clil» әдістемесімен таныстыру мақсатында осы оқыту технологиясының арсеналында
инновациялық нысандарды,әдістерді, құралдарды зерттеу, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу
және оны тестілеу, біліктілікті арттыру курстарын, Ақмола облысы «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ,
колледж оқытушылары үшін ұйымдастырды. Курстар 2019 жылдың 1 сәуірінен 12 сәуіріне дейін
Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің базасында өтті.
Оқытушыларды ынталандыру мүмкіндігі, материалды оңтайлы таңдауы және қызықты беру,
шыдамдылығы, ізгі ниеттері - С.С.Сералина мен А.Т.Унышева тренерлердің жоғары кәсіби деңгейлеріне байланысты - оқыту оңай және қызықты өтті.Тренинг барысында құрылған шығармашылық көңіл-күйлері белсенді, жұмысқа үйлесімді және өнімді, команданың бірігуіне
ықпал етті.
Колледж әкімшілігі Бурабай курорттық аймағының қасиетті жерлеріне баруды ұйымдастырды. Колледж оқытушылары Б. А. Қасенов және Е. А. Пальчак біздің қонақ-оқытушыларға бей-жай қалдырмаған ұмытылмас экскурсиялар өткізді. Семинарлар арқылы жұмыс тәжірибелерімен арнайы пән оқытушылары А.Ю. Зубов - Жоғары техникалық колледж, Щучинск қ., С.Е.Сұлтанбекова, А.Б Темірболатова. - Орман шаруашылығы, экология және туризм Жоғары колледжі бөлісті.
Курстың соңында жоба жұмыстарының презентациясы және сертификаттары салтанатты түрде ұсынуы ұйымдастырылды. Щучинск қаласының, Жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары И.А.Задорожный, М.В. Нечаева және Жоғарғы техникалық колледжінің студенті И. Легезин музыкалық сыйлықтар ұсынды.
Курста алған инновациялық әдістерді еңгізу, өзін-өзі жетілдіруге, студенттердің жұмысын жандандыруға, әріптестерімен өз білімдерін ортақ пайдалануға жоспарлап, оқытушылар өз колледждеріне шабыттанып оралды.