Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Мен - болашақ кәсіпкермін» атты кәсіпкерлік негіздері пәнінен өткен облыстық сайыс

16.05.2019

 «Бизнеспен  айналысу мүлде  қиын  емес.

Орташа зияткерлік  қабілеттері   бар  көптеген

адамдар  жақсы  табысқа  жете  алады. 

Нағыз  білімді  адамдар өзінің  білімін 

өз  ісіне арнаса,  нақты байлыққа ие  болады. »

Джордж Сорос, американдық инвестор

Елбасы  Н. А.  Назарбаевтің  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру   мақсатында  Ақмола  облысының  Білім  басқармасы  жанындағы дарынды  балалармен  жұмыс  жөніндегі  облыстық  оқу-әдістемелік  орталығы «Business» жобасын  жүзеге  асырады.  Осыған  орай 2019ж. 24-25 сәуірінде «Звездный» балалар  сауықтыру  орталығында    «Мен -болашақ кәсіпкермін» облыстық  сайысы өткізілді. Сайысқа Ақмола  облысының 11 колледжінен 1-2  курс  студенттері    қатысты. 

Сайыс студенттердің экономика  саласына  қызығушылығын арттыру,  кәсіпкерлік  қызмет ерекшеліктерін  таныту  мақсатында ұйымдастырылды.  .

Сайыс  міндеттері:

-сайысқа  студенттерді  қатыстыру  арқылы    олардың  кәсіпкерлікпен  айналысу  қызығушылығын қалыптастыру;

- техникалық  және  кәсіптік  білім  ұйымдары  студенттерінің  жеке  кәсіпкерлік  және  ұйымдастырушылық  қабілеттерін  дамытуға  қажетті  икем-дағдыларын  жетілдіру;

- жаңа кәсіпкерлік  жобаларды  дайындауға  және  жүзеге  асыруға  қабілетті   студенттердің  экономикалық білімі  мен  жаңашылдық  деңгейін  арттыру. 

Аталған  скайысқа Щучинск   қаласындағы  Жоғары  техникалық  колледжден   У-21  тобының студенттері  Степашко Маргарита, Белоногова Алёна, Легезин Иван қатысты.

Сайыс  екі  турда  өткізілді.

Сайыстың  «Мегамозг» атты  бірінші  кезеңінде  студенттер кәсіпкерлік  қызмет  саласындағы өздерінің  икем-дағдылары мен  білімдерін таныта  білді.

 

«Мен  -болашақ кәсіпкермін» атты  сайыстың  екінші  кезеңінде  студенттер«House» ойын-сауық клубының стандарттық бизнес-жоспарынқұрды.  Жобаны  қорғау  барысында  қатысушылар SWOT-талдау, сұлба,  кесте  ретінде  жасаған   презентацияларын  қолданды. Әділқазыларға  ас  мәзірі, бейдждер әзірленді. Студенттер жобаны  қорғауда сауаттылықпен,  қысқа, әрі нақты  жауаптарымен  ерекшеленді.

Сайыс  қорытындысы  бойынша  студенттер  мадақтамалармен,  ал  оқытушы  алғыс  хатпен  марапатталды. 

 «Звездный» балалар  сауықтыру  орталығында  біздің орналасуымызға  жан- жақты жағдай  жасалып, Бурабай  өңіріне  саяхат  ұйымдастырылды. 

Аталған    іс-шараға  қатысу  үшін жағдай  жасаған  колледж  әкімшілігіне  алғысымызды  білдіреміз. 

 

Жоғары техникалық колледж оқытушылары 

Лира Л. Н,  Букаева  Б.Х.

Просмотров: 695


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст