2019 жылдың 24 мамыр күні колледж педагогтары «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ кәсіби білім беру орталығымен ұйымдастырылған, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасын аяқтады. Курстар екі тақырып бойынша өтті: «ТжКОББ жүйесінің жаңа форматты педагогі» және «ТжКОББ ұйымдарының оқыту процесіне критериалдық бағалаудың әдістерін енгізу».
Тыңдаушылар білім беру парадигмасымен танысты, ТжКББ даму стратегиясын, халықаралық және қазақстандық педагогтардың критериалды бағалау әдістерін енгізу тәжірибесін, үздік студент пен оқытушының психолого-педагогикалық ерекшеліктерін, заманауи білім беру технологияларын және оқытудың интербелсенді түрлерін үйренді.
Курстық жобаларды қорғау мен оқудың қорытындылары бойынша тыңдаушыларға салтанатты түрде, курстардан өткені туралы сертификат ұсынылды.
Әдіскер Н. Александрова