Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Қызылорда облысы бойынша аудандарының Серпін бағдарламасымен кәсіби-бағдар бойынша есеп.

29.05.2019

Қызылорда  облысының   білім басқармасы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «Жастар жылын» өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес 14-17 мамыр аралығында «Талапқа талғам - таразы» атты кәсіби – бағдар беру керуені өз жұмысын өткізіп қайтты. Қаладан ТжКБ ұйымдарынан 14 оқу орындары және «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 6 облыстан 22 оқу орнынан мамандары мен білім алушы студенттері үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Керуен көші Қызылорда облысындағы аудандарға бағытталған еді.

14 мамыр күні Шиелі, Жаңақорған аудандарының мектеп оқушыларына оқу орындарынан келген оқытушылар мен студенттері өз оқу орындарынынң мамандықтарымен таныстырды, Шиелі ауданы бойынша 500, Жаңақорған ауданы бойынша 500 оқушы қамтылған. Мамандық таңдау кешіне оқушылар белсене қызығушылықпен қатысты. 15 мамыр күні құтты мекен Қармақшы ауданының  №110 мектеп лицейінде 485 оқушыға әр облыстан келген оқытушылар оқу орындарынан материалдық базасымен таныстырып артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы мектеп бітіруші түлектерге толықтай мәлімет берді. Оқу орындарында даярланатын мамандықтар жайлы тарапта қағаздары оқушыларға таратылды. 16 мамыр күні Керуен көші Арал ауданының мәдениет үйіне бағыт алды.

Барлық облстан келген өкілдер өз оқу орнының жетістіктері мен мамандықтарын оқушыларға таныстыра отырып, білім ордаларына жас түлектерді оқуға шақырды. 16 мамыр күні керуен Қазалы ауданында кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Оқытушылар оқу орындарындағы студенттер үйі, үйірмелер мен қызыққа толы студенттер өз өмірінен хабар беріп, оқушыларға сәт – сапар тіледі. 17 мамыр ең соңғы аудандар Жалағаш және Сырдария ауданымен Керуен көші өз жұмысын сәтті аяқтады.

Есеп дайындаған «Ақпараттық пәндер» ӘБ төрайымы Өтетілеу А.Ө.

Просмотров: 786


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст