11.05.2022
Жұмыс мамандықтарының жетіспеушілігі және оларды дәріптеу тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатады. Осы мақсатта WorldSkills халықаралық қозғалысы құрылды, оған Қазақстан 2014 жылғы тамызда қосылды.
Бүгінгі таңда бұл бүкіл әлемге әйгілі және ең үлкен жарыс, оған жас білікті жұмысшылар, студенттер қатысушы ретінде және оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері– тапсырманың орындалуын бағалайтын сарапшылар ретінде қатысады.
Жоғары техникалық колледж 2015 жылдан бастап жыл сайын құзыреттер санын ұлғайта отырып, WorldSkills қозғалысына қатысады. Мәселен, 2022 жылғы 12-23 сәуір аралығында WorldSkills Aqmola-2022 VII өңірлік чемпионаты өтті. Колледж он төрт құзыреттілік бойынша қатысты. Чемпионаттың қорытындысы келесі:
1 орын
- "Мобильді қосымшаларды әзірлеу"- құзыреті- қатысушы Аманбек Орынбай, тәлімгер Имаканов Б.Н
- " Бизнеске арналған IT шешімдер" құзыреті - қатысушы Карибаев Ислам, тәлімгер Имаканов Б.Н
2 орын
- "Кондитерлік ісі" құзыреті - қатысушы Амержанова Аия, тәлімгер Булегенова Ж.О.
- " Шаштараз ісі" құзыреті - қатысушылар Ахматова Эделия, Шкарлат Анастасия, тәлімгер Кадимова С.А.
- " Графикалық дизайн" құзыреті - қатысушы Кондратенко Виктория, тәлімгер Посметухова К.Н.
- " Мобильді робототехника" құзыреті - қатысушылар Ботанов Ризат, Томанов Мадияр, тәлімгер Селиверстов К.О.
3 орын
- " Дәнекерлеу технологиясы" құзыреті - қатысушы Рудковский Владислав, тәлімгер Толстосумова М.Б.
- " Электрмонтаждау ісі" құзыреті - қатысушы Капылович Роман, тәлімгер Медведев А.С.
- " Веб-дизайн және әзірлеу" құзыреті - қатысушы Орешин Владислав, тәлімгер Шудабаев Р.М.
- " Жеңіл автомобильдерді жөндеу" құзыреті - қатысушы Глотов Олег, тәлімгер Мусин А.Ж.
4 орын
- " Желілік және жүйелік әкімшілендіру" құзыреті - қатысушы Савицкий Данил, тәлімгер Жақсылық Т.Д
- "Наубайхана ісі" құзыреті - қатысушы Хасенова Эльмира, тәлімгер Драбинская О.В
- "Мейрамхана қызметі" құзыреті - қатысушы Гейнрих Денис, тәлімгер Исаханова Т.Б.
13 орын
- "Аспаз ісі" құзыреті - қатысушы Пантелеев Никита, тәлімгер Степаненко Т.В.
Біздің колледж WorldSkills қозғалысының құрамында бола отырып, жас ұрпақтар арасында жұмыс мамандықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөледі, сондай-ақ кәсіби шеберлікті жетілдіруге ықпал етеді
"Жас Маман" жобасын іске асыру шеңберінде колледж өндірістік шеберханаларды заманауи жабдықтармен қайта жабдықтауды аяқтады, бұл кәсіби конкурстарға сапалы дайындықты жүргізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда WorldSkills қозғалысы-тәжірибе, білім алмасудың тамаша мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жеке бастың өсуіне, кәсіби дамуына қосымша ынталандыру.