Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

Мамандық таңдау

23.05.2022 Мамандық таңдау кез-келген адамның өміріндегі ең маңызды, ол көптеген жылдар бойы оның жолын анықтайды немесе, ең болмағанда, адам өзінің бүкіл еңбек жолын бастайтын бағыт бағдары. 19 және 20 мамыр күндері Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес Ақылбай ауылының ЖМ КММ, Баянбай ауылының ЖББ КММ, Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы ЖББ КММ, Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы ЖББ КММ, сондай-ақ Оқжетпес ауылы ЖББ КММ, Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы ЖББ КММ, Зеленый бор ауылының МГ КММ оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып өткізілді. Кездесулердің негізгі мақсаты-балаларды ағымдағы қабылдау мамандықтарымен таныстыру және жекелеген мамандықтар бойынша мамандарды мақсатты даярлау бойынша түсініктемелер беру. Кездесулер тартымды өтті, мектеп оқушылары сұрақтар қойып, әңгімелесу кезінде құжаттарды қабылдау тәртібін, қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі, колледжде оқу, үйірмелер, спорт секцияларының болуы қызықтырды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст