Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Үздік әдістемелік бірлестік» сайысы

30.05.2022

2022 жылдың 27 мамырында  колледжішілік әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік бірлестік» сайысы өтті. Сайысқа 9 әдістемелік бірлестік қатысты. Бұл сайыста әдістемелік бірлестіктер таныстырылым және шығармашылық бөлімдер бойынша өз өнерлерін, шығармашылықтарын көрсету болатын. Сайыс өте қызықты, тақырыпқа сай мазмұнды өтті. Жеңімпаз әдіс бірлестігін анықтау қиынға соқты. Дегенмен, жеңімпаз болуы тиіс.

            Әділ-қазылар алқасының қорытынды бағалауы бойынша 1 орынды Математика-жаратылыстану пәндерінің ӘБ жеңіп алды, төрайымы Никонова Светлана Александровна. 2 орынды Әлеуметтік-экономикалық пәндер ӘБ, төрайымы Злочевская Светлана Валерьевна алса, 3 орынды Механикалық пәндер ӘБ, төрағасы Ширшов Денис Андреевич жеңіп алды. Ал қалған әдіс бірлестіктері келесі номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік креативті ӘБ» номинациясы бойынша Қызмет саласы және технологиялық пәндер ӘБ, төрайымы Мамасалиева Валентина Александровна, «Инновациялық шеберлік» номинациясы бойынша Ақпараттық пәндер ӘБ, төрағасы Имаканов Батырхан Наурызбаевич, «Үздік шығармашыл ӘБ» номинациясы бойынша Тіл пәндері ӘБ, төрайымы Шайкенова Самал Сағнаевна, «Үздік белсенді ӘБ» номинациясы бойынша Бухгалтерлік пәндер ӘБ төрағасы Зубов Алексей Юрьевич, «Үздік әдістемелік шеберлік» номинациясы бойынша Энергетикалық пәндер ӘБ, төрайымы Толстосумова Мария Борисовна, «Заманауи тапқырлық ӘБ» номинациясы бойынша Туризм және сервис ӘБ, төрайымы Пальчак Екатерина Александровна,  марапатталды. Бұған дейін бұл конкурстың 1 кезеңі бойынша барлық әдіс бірлестіктерінің оқу-әдістемелік кешені тексеріліп, бағаланған болатын. Осындай конкурс келесі жылы да жалғасын табады.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст