Текст
2022 жылғы 6 маусымда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде " Бурабай "Жастар Ресурстық Орталығымен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша студенттерге сауалнама жүргізілді.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуы жастардың адамгершілік және азаматтық тәрбиесінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және қоғам алдындағы өз құқықтары мен міндеттерін ұғынудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің мақсаты-жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті құндылық ұстанымдарын тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру.