Текст
Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжде 26 қыркүйектен бастап Құқықтық білім онкүндігінің ашылуы өтті. Негізгі міндет – студенттердің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыру.
Онкүндік аясында түрлі кездесулер, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, құқықтық тақырып бойынша пікірталастар мен сұхбаттар өтті.
Студенттер іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Әкімшілік заңнамасы саласындағы білімдерін тағы да ретке келтірді.