28 қарашада Көкшетау қаласында Ақмола облысының студенттері, жас ғалымдары мен кәсіпкерлері арасында «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың кезекті байқауы өтті. Байқаудың мәні жастарды өмір сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық идеялар мен жобаларды әзірлеу мен ілгерілетуде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін іріктеу және көтермелеу болып табылады
Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің, ЭМ-31 тобының студенттері Жумабеков Руслан мен Торичный Александр бірден екі жобаны ұсынды. Бауқау қорытындысы бойынша отыздан астам жобаның ішінде біздің қатысушыларға үміткерлердің техникалық және шығармашылық әлеуетін одан әрі дамыту үшін құрметті орындар мен ақшалай сертификаттар берілді
«Өз қолымен жонғыш білдек» жобасына - Руслан Жумабековке екінші орын, ал «Өз қолымен энергияны қалпына келтіретін электросамокат» жобасына Александр Торичныйға «Креатив» номинациясы берілді!
Студенттерімізді құттықтаймыз, үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!