Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша олимпиада

06.12.2019

03 желтоқсанда «Бухгалтерлік есеп негіздері»  пәнін оқу аяқталғаннан кейін У-21д және Ф-21 топтарының студенттері арасында олимпиада өткізілді.

   Бұл іс-шараның мақсаты:

- өзінің болашақ мамандығына деген қызығушылықты арттыру және атқаратын жұмысы үшін жауапкершілік;

- студенттердің жүйелі іс-әрекетке қабілетін тексеру;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және кәсіби ойлауды дамыту.

Олимпиада жазбаша түрде өткізіліп, 2 кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық. Біріншісі пән бойынша тест тапсырмалары, екіншісі - өндірістік жағдайды шешу: баланс құру, шаруашылық операциялар журналын толтыру, шоттар ашу, айналым-сальдолық ведомость құру. Орындау барысында қатысушылар қалыптасқан құзыреттілік деңгейін, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуін көрсетті. Студенттер теориялық және практикалық дайындықтарын, осы пән бойынша кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Қатысушылар дипломдармен марапатталды.

 

             Олимпиада қорытындысы бойынша У-21д тобында :    1 орынға иеленген -  Заиченко Виктория

                                                                                                           2 орын - Алферова Ирина,

                                                                                                           3 орын - Джафарова Зарина,

                                                                             Ф-21 тобында :      1 орынға иеленген -  Тенбаева Зарина,

                                                                                                           2 орын - Сейлбекова Диана,

                                                                                                           3 орын - Маратова Жанель, Искаков Ашим.

Жалпы бірінші орын Тенбаева Зарина студенті иеленген.

Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Оқытушы Ж.Н. Жунусова

Просмотров: 726


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст