Текст
Сапар барысында колледждердің екі Президенті-Рекубрацкий Даниил (Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің президенті) және Ефименко Эрика (Жаңаесіл ауылының Агротехникалық колледжінің Президенті) кездесуі өтті, онда жастар көшбасшыларының қызметі, өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, ағымдағы жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мәселелері талқыланды.
Президенттер колледждердің студенттік өзін-өзі басқаруын дамыту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында ұялы телефон нөмірлерімен және әлеуметтік желілердегі байланыстармен алмасты.