Текст
2023 жылғы 07 ақпан күні Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде «Бурабай» ЖРО психологы Г .А. Анисимованың студенттермен «Ішімдіктің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу» тақырыбында дәрісі өтті. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың ішімдік пен нашақорлықтың адам денсаулығына зиянды әсері туралы білімдерін кеңейту.
Әңгімелесу барысында психолог есірткі мен алкогольді тұтынудан туындауы мүмкін жағымсыз салдарлар туралы айтты . Салауатты өмір салтын насихаттау қажеттілігіне де баса назар аударылды. Дәріс көрнекі бейнематериалдарды көрумен қатар жүрді, студенттер сұрақтар қойып, оларға жауап алды.