Текст
8 ақпанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің кітапханасында Геология және минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор Айқажы Қазбекұлы Қазбековтың туғанына 90 жылдығына орай «Бурабай ХХІ қарсаңында» атты өлкетану кеші өтті. Іс-шараны Щучинск қаласының Орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырып, өткізді. Кешке МТ - 41 тобының студенттері қатысты. Балалар Айтқажы Қазбекұлының еңбек жолы, еңбегі туралы білді. Айтқажы Қазбеков ғылыми ортада, жерлестерінің арасында туған өлкенің табиғатын сақтауға шын жүректен қамқор болған адам ретінде үлкен құрметке ие болды. Студенттер сондай-ақ Ұлы автордың оқу-әдістемелік материалдарымен танысты. Кеш өте жарқын, бай және есте қаларлықтай болды