Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

023 жылдың 22 ақпанында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен онлайн форматта облыстық әдістемелік бірлестік отырыстарының семинары өтті.

22.02.2023

2023 жылдың 22 ақпанында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен онлайн форматта облыстық әдістемелік бірлестік отырыстарының семинары өтті. Ең алдымен «Сабақтың дәстүрлі емес түрлері ТжКББ студенттерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту құралы ретінде» атты тақырыпта IT бағытындағы облыстық семинармен басталды. Семинарға біздің Жоғары техникалық колледжден келесі оқытушылар өз баяндамаларын оқып, тәжірибе алмасты: Өтетілеу Ә.Ө., Нұрмағамбетов С.С., Посметухова К.Н., Дюсембаева Н.С. және Тремасова В.С.
     Сондай-ақ, «Оқытушылардың құзіреттілігі – ТжКББ студенттерінің  кәсіби құзіреттілігін табысты дамытудың негізі» атты тақырыпта өткен Педагогикалық бағыттағы  әдістемелік бірлестіктің отырысына Баймуханова А.Ж. және Мусина А.А. қатысып, тәжірибе алмасу ретінде сөз сөйледі. WorldSkills  чемпионатын ұйымдастырудың  және өткізудің әдістемелік нұсқаулықтары» тақырыбында Тюлюбаева Ж.С. өз тәжірибесінен жұмысымен бөлісті. Бүгінгі өткен облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинары өте мазмұнды өтті.  Қазіргі заман талабына сай педагогтар өз  жұмыстары барысында қолдануға қажетті көп тың ақпараттармен бөлісті.

Просмотров: 167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст