Текст
28 ақпанда Қазақ КСР Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында "Оқжетпес" Мәдениет үйінде "Бұрымды қыз" аудандық байқауы өтті . Жарысқа ұзын шаштың 8 әдемі иегері қабылданды. Байқау 4 кезеңнен тұрды, онда қыздардың әрқайсысы мақал-мәтелдер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімдерін, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін көрсете білу болды. Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің ОП-11 тобының студенті Шахметова Гүлназ “Өнерлінің өрісі кең"номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Гүлназға шығармашылық жеңістер тілейміз!