Көктемнің алғашқы күнінде барлық Қазақстандықтар "Алғыс айту күнін" – бір-біріне деген достық пен сыйластықтың ерекше мерекесін бірге атап өтеді.
Колледжде 27 ақпаннан 03 наурызға дейін осы мерекеге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Колледж кітапханаларында, оқу ғимараттарында және жатақханаларда ақпараттық-көрнекі көрмелер ұйымдастырылды. "Алғыс шекараны білмейді" диалог алаңдары дайындалып, өткізілді
"Бір Отан-бір Отбасы" - эссе байқауы.
"Жан жылуын сыйлайық" - жатақханада тұратын студенттер үшін ақпараттық сағат.
Қаланың еңбек ардагерлері мен жалғызбасты зейнеткерлеріне арналған "Жүректерді махаббатпен толтыру"қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл акцияға ТОР-11, куратор И.В.Воронов, МТ-41, куратор Т.Ю.Сонина, ТТ-41, куратор Т. В. Степаненко, СВ-21, куратор Н. В. Александрова, МТ-31, куратор Г.В. Хамидова белсенді қатысты.
Шынында да мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайын болғаныңыз үшін көптен көп рахмет!