Текст
Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар жалғасуда. Колледж оқушылары «Жүректерді махаббатпен толтырайық «қайырымдылық акциясын өткізеді, іс-шара барысында қаламыздың еңбек ардагерлері мен жалғызбасты зейнеткерлеріне барып, оларды тәтті сыйлықтармен қуантты , үй шаруасына көмектеседі. Сондай-ақ, колледжде «Алғыс айту шекараны білмейді» диалог алаңдары өтуде.