Текст
Наурыз Мейрамы қарсаңында ұлы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына және Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Жігіттің сұлтаны» аудандық байқауы өтті. 16-29 жас аралығындағы қала мен ауданның оқу орындарының өкілдері-5 жігіт өз іскерлігі мен шеберлігімен жарысты. Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжін музыкалық жетекші Баймуханов Бек Болатбекұлы ұсынды. Бек Болатбекұлы «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Оған Көкшетау қаласында өтетін «Жігіттің сұлтаны» облыстық байқауына қатысу ұсынылды. Оған сәттілік тілейміз!