Текст
2023 жылғы 06 Сәуірде Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде "Бурабай" ЖРО психологы Г.А. Анисимованың "Ерте жүктіліктің алдын алу"тақырыбында дәрісі өтті. Іс-шараға МТ-11, У-12, П-21 топтарының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты-қоғамда бар әлеуметтік мінез-құлық нормаларын сіңіру, қоғамдағы құндылық қатынастарын дамыту, өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру, жыныстар арасындағы таза және шынайы қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу. Қыздарға контрацепцияның құралдары мен әдістері туралы бейнероликтер ұсынылды, түсік түсірудің салдары қарастырылды.
Дәріс өте қызықты, мазмұнды болды. Психолог оқушылар қойған барлық сұрақтарға жауап берді