Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы»

21.04.2023 Тәрбие бөлімінің және кәсіптік бағдарлау және Мансап орталығының жұмыс жоспарына сәйкес оқу практикасы шеңберінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын У-31 тобының студенттері үшін мамандыққа терең ену, кәсіптік бағдарлау және колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында «Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ бойынша экскурсия өткізілді. Балалармен басқарма басшысы Михалкин Евгений Александрович кездесті, Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысы, ерекшелігі, басқарма қызметкері лауазымына ізденушіге, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар туралы айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді, оқуды аяқтағаннан кейін оларды кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатарын толықтыруға шақырды. Экскурсия барысында студенттер заңды және жеке тұлғалармен жұмыс бойынша әртүрлі бөлімдердің жұмысымен, салық ісіндегі жаңалықтармен, электрондық төлемдерді енгізуді ескере отырып, азаматтар алдында ашылатын мүмкіндіктермен, мемлекеттегі жаңа фискалдық саясатпен танысты.
Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

          

Ұйымдар тізімі
Текст