2023 жылдың 21-сәуірінде колледжімізде «Инновациялық білім беру технологиялары оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету құралы ретінде және білім беру нәтижелеріне қол жеткізу» тақырыбында облысымыздағы колледждердің жетекші педагогтарының облыстық семинар-практикумы өтті. Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің әдіскері Карагоз Мукушевна Жаманбаева ашты. Құттықтау сөз Ақмола облысының білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ТжКБ бөлімінің басшысы Сауле Салимжанова Сералинаға берілді. Қатысушылар санаты: әдіскерлер, жалпыбілімдік және арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, «Үздік педагог» иегерлері, облыстық кәсіби шеберлік байқауларының жүлдегерлері және жеңімпаздары. Сондай-ақ, келген қонақтар колледж оқытушыларының дайындаған шеберлік сыныптарын тамашалап, коллледж мұражайы және ұйымдастырушылар дайындаған көрмелерді тамашалады. Семинар өте қызықты, әрі мазмұнды өтті.