2020 жылғы 30 қаңтарда мен, Зубов Алексей Юрьевич, Ақмола облысы делегациясының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқасының секциялық отырысына қатыстым. Секциялық отырыс Нұр-Сұлтан қаласында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті. Іс-шараның тақырыбы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің негізгі басым бағыттарына арналды.
Кездесу басында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол ғылым мен білім саласындағы жетістіктер мен перспективаларды атап өтті, барлығына кәсіби қызметінде сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Шолпан Таңатқызы мектепке дейінгі және орта білім берудің міндеттері туралы баяндама жасап, білім беру жүйесін одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Куптлеуова Бағым Абубакировна айтты. Оның баяндамасында осы заңның қолданылу аясы, мұғалімдердің құқықтық мәртебесінің және олардың әлеуметтік қорғалуының сапалы жақсаруына ықпал ететін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу сияқты мәселелерге назар аударылды.
Алқа отырысында білім беру жүйесін жетілдіруге, мұғалімнің беделін нығайтуға, «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы мектеп, колледж және ата-аналардың өзара әрекеттесуінің жаңа форматын енгізуге, оқу әдебиеттерінің сапасын жақсартуға байланысты басқа да маңызды мәселелер қарастырылды.
Сөйлеушілердің мазмұнды баяндамалары мен презентацияларынан мен өте жақсы әсер алдым. Секциялық отырысқа қатысып мен көптеген жаңа, пайдалы ақпарат алдым, мұғалім мамандығын дамытудың болашағын айқындадым, Қазақстанның басқа аймақтарындағы әріптестеріммен сөйлестім, олардан өз жұмыстарында сәтті қолданатын қызықты технологияларды білдім.
Жоғары техникалық колледждің арнайы экономикалық
пәндер оқытушысы Зубов А.Ю.