Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледж» МКҚК
ГККП «Высший технический колледж, город Щучинск, Бурабайский район» при управлении образования Акмолинской области

«Облыстық WorldSkills чемпионаты аясындағы жарыстарға қатысушыларды дайындаудың тиімді әдістері ( мобильді робототехника)»

25.05.2023

2023 жылдың 24 мамырында  Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі базасында IT бағытындағы отырыс өтті. Отырысқа біздің жоғары техникалық колледжден «Облыстық WorldSkills чемпионаты аясындағы жарыстарға қатысушыларды дайындаудың тиімді әдістері ( мобильді робототехника)» тақырыбымен арнайы пән оқытушысы Константин Олегович Селиверстов қатысты. Ең алдымен, отырыс «SMART AKKOL» ғылыми орталығына  саяхат жасаумен басталды. Алғы сөз  білім басқармасының әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Сауле Салимжановна Сералинаға берілді.  Отырыста оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, өздеріне керекті тың ақпараттар алды. Баяндамалардың тақырыбы ауқымды, мазмұнды болды.

Просмотров: 120


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Әлеуметтік желілер

            

Ұйымдар тізімі
Текст