Текст
«Игі істер автобусы» жобасын іске асыру шеңберінде Щучинск қ. Жоғары техникалық колледжінің студенттері өздерінің еріктілік қызметін жалғастыруда.
24 мамырда ТОР-21 және ТОР-31 топтарының студенттері өндірістік оқыту шеберлері А.Ж. Мусинмен және В. А. Шевченкомен бірге Еңбек ардагері Людмила Кимовна Бочаговаға көмек көрсетті. Студенттер бақшаны қазып, картоп отырғызды, қоршауды жөндеді, сумен қамтамасыз етті, үйге іргелес аумақты абаттандыруға көмектесті.
Людмила Кимовна үш жыл бойы зейнеткерге тұрақты негізде көмек көрсетіп келе жатқан оқытушылар мен студенттерге үлкен алғысын білдірді