Текст
2023 жылғы 30 мамырда "IQanat High School of Burabay" базасында Бурабай ауданының отаншылар форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты-мемлекеттік жастар саясатының деңгейін көтеру және өскелең ұрпақ арасында отаншылықты дамыту. Жоғары техникалық колледж студенттері Душкина Виктория, Тулеубаев Ашим, Бухаров Иван біздің оқу орнымыздың атынан қатысты. Іс-шараны өткізуге айтарлықтай көмек көрсеткен Акылбеков Аслан , Бакшеев Артем және Парахин Станислав студенттерін ерекше атап өткім келеді.