Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Еңбектің рөлі әрқашан және кез-келген қоғамда маңызды. Бұл мереке жастардың еңбекке деген құрметін қалыптастыруға , сондай-ақ жұмысшы мамандықтарына құрметпен қарауды еске салуға арналған. Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінде еріктілер қозғалысы өз жұмысын қайта бастады. "Игі істер автобусы" акциясы аясында ТОР-11 тобының студенттері Приходько Сергей, Частилов Вячеслав, Никитин Максим, Фуртин Николай, Панфилов Кирилл топ кураторы Мусин Адильхан Жанатовичпен бірге колледждің зейнеткері Бочагова Людмила Кимовнаға егін жинауға көмек көрсету үшін барды. Балалар картоп жинап, үй маңындағы аумақты ретке келтірді. Людмила Кимовна әдеттегідей біздің балаларымызға өте риза болды, ал біз өз кезегінде студенттерге тоқтамауды және игі істерді жалғастыруды тілейміз